Берік Уәли жаңа үкіметті құру қашан басталатынын айтты
Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министр мен Үкімет мүшелерін тағайындау рәсімі туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Amanat" басқарушы саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
Кандидатура мақұлданған жағдайда Мемлекет Басшысы Премьер-министрдің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс мақұлдаған жағдайда Президент жаңа Премьер-министрді қызметке тағайындайды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын қалыптастыру процесі басталады, - деді Берік Уәли.
Еске сала кетейік 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.
Бүгін Президент Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойды.