Берік Уәли Тоқаевтың әкесі туралы кітапты көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ашаршылық жылдарындағы Тоқа әулеті көрген зобалаң — сол кездегі әр қазақ отбасының басынан өткен қасірет. Мемлекет басшысының ұлттың мұңы мен мұқтажын жақсы түсінетіні де содан болса керек, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Бүгін балаларыма қажетті заттарын алуға кітап дүкеніне келген едім. Мұнда талай таптырмайтын қазынаға тап болдым. Соның бірі Мемлекет басшысының «Әке туралы ой толғау» кітабы. Ақтарып отырып кітаптың бұрынғыдан ерекше, заманауи технологиялық мүмкіндіктерді сәтті пайдалана отырып шығарылғанына қуандым, - дейді ол.

Уәлидің сөзінше, кітаптың бұл шығарылымында туындының екі тілдегі аудионұсқасы флеш-картаға жүктелген, мұқабасына қойылған QR таңба арқылы да тыңдауға болады. Оқырманға қолайлы болуы үшін флеш-картаның ішіне туындының PDF форматтағы электронды нұсқасы да бірге салынған екен. Қысқасы, кітаптың төрт нұсқасы бір жерге топтастырылыпты. 


Көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Бұл шығармада сонау жиырмасыншы ғасырдың басындағы бір әулеттің басына түскен қайғы-қасірет арқылы тұтас ұлтқа төнген нәубет анық суреттеледі. Ашаршылық жылдарындағы Тоқа әулеті көрген зобалаң — сол кездегі әр қазақ отбасының басынан өткен қасірет. Мемлекет басшысының ұлттың мұңы мен мұқтажын жақсы түсінетіні де содан болса керек. Президенттің баспасөз хатшысы болғаннан кейін, көпшілік бізден «Әке туралы ой толғау» кітабын қалай табамыз, қайдан аламыз? деп жиі сұрап жатады. Міне, «Әке туралы ой толғау» кітабын осы кітап дүкенінен таба аласыздар. «Жақсы кітап - жан азығы». Бірге оқиық, - деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы