Берік Имашев Тоқаевқа президент куәлігін берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа куәлік табыс етті.
"Елімізде өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша, сізге президент куәлігін табыс етуге рұқсат етіңіз", – деді Берік Имашев.Айта кетейік, 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында "Nur Otan" партиясы атынан түскен Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70, 96 % дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.
Еске салайық, Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО. Көкпекті ауданындағы 416 отбасыға АӘК тағайындалған
Өзгелердің жаңалығы