Берік Имашев ОСК төрағасы лауазымына қайта тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Президент ОСК төрағасы қызметіне бес жылға тағайындайды. Берік Имашев 2016 жылдың 13 қыркүйегінде ОСК төрағасы болып тағайындалған еді. Енді бүгін Тоқаев оны қайта тағайындады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы