Берік Биятов: Президент тапсырмалары әлеуметтік ортадағы әділдікке бағытталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді «ТЕМІРМАШ» «Павлодар зауыты» ЖШС  директоры Берік Биятов айтты.

Мемлекет басшысының утилизациялық алым туралы көтерген мәселесі өте өткір екені бәріне мәлім. Президент алымды қайта қарастыру сондай-ақ аталған мәселемен мемлекеттік мекеме айналысу қажет екенін айтты. Өте дұрыс шешім. Мен мұны құптаймын. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы утилизациялық алымның әділдігін, ашықтығын қамтамасыз етіп, жиналған қаражат еліміздің экологиялық жақсартуға жұмсалады деген сенімін бар. Президенттің шұғыл тапсырмаларында қойған мақсаттары өте орынды. Әлеуметтік толқынның басылу себебінен-ақ мұны көруге болады. Бәрі қарапайым тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға негізделген, -деді Б.Биятов. 

Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың депутаттар мен әкімдердің жалақысын 5 жылға дейін өсірмеу туралы тапсырмасы аса үлкен маңыздылыққа ие екенін атап өтті.
Оның сөізнше, олардың жалақысын төмендету әлеуметтік әділдікке алып келеді.

Менің ойымша, Президентіміздің мораторий жариялауы дұрыс шешім. Өйткені олардың жалақылары былтыр ғана көтерілген болатын. Кейбір әкімдердің жалақылары қарапайым тұрғындардан 4-5 есе көп. Меніңше, ондай қомақты айлық қаражат депутаттар мен әкімдер үшін жеткілікті. Оданда мұндай қаражатты халықтың осал топтарына жұмсау қажет, -деді «Павлодар зауыты» директоры.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы