Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі саясаткер, идеолог, саясаттанушы ғалым Берік Әбдіғалиұлы Президент Әкімшілігінің және жергілікті Мәслихаттың келісімімен туған өңірі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына әкім болып тағайындалды.

Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық архив және Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығы жанындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы қызметін атқарған Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық кеңестің де мүшесі болатын. Ол жаңа әкім қызметімен бірге Президент жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі болып қала береді. Бұдан былай әкімдер корпусынан жалғыз  ұлттық кеңестін мүшесі болатын болды.

Берік Әбіғалиұлын туған өңіріне араға 9 жыл салып, қайта әкім ету туралы шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз айындағы Ұлытауға сапарынан кейін жасалып отыр.

Берік Әбдіғалиұлы (18.09.1971,  2010 жылға дейін – Әбдіғалиев) – белгілі қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, тарихшы, саяси ғылымдарының кандидаты.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша бітірген.

1995 жылғы шілде – Американдық ғылымды дамыту агенттігі, мемлекеттік басқару органдарындағы тағылымдама (АҚШ)

1997 жылдың қыркүйегі – Гарвард университеті, . Дж. Кеннеди Мемлекеттік басқару мектебі (АҚШ)

2000 жылы Саяси ғылымдарының кандидаты (ҚР ҰҒА Философия және саясаттану институты).

2017 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында «Аймақтық және муниципалдық менеджмент» мамандығы бойынша МВА дәрежесін қорғады.

Еңбек жолы:

Берік Әбдіғалиұлы – 1971 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған.

1988 жылы Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектепті бітірген.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен «тарих» мамандығы бойынша жоғары білімін аяқтаған.

1994-1995 – ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер (ҚСЗИ), 1995-1997 – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.

1997 жылы ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде БАҚ басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

1997-1998 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау және жоспарлау басқармасының бастығы.

1998-1999 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаментінің директоры орынбасары.

1999 жылдан 2000 жылға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің талдау орталығының меңгерушісі  орынбасары.

2000-2001 жылдары-ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының бірінші орынбасары.

2001-2002 жылдары-Теміртау қаласы әкімінің орынбасары (Қарағанды облысы).

2002-2003 жылдары - "Ұлттық зерттеулер институты" ҰУ директоры.

2003-2004 жылдары - "Ақ жол" ҚДП сайлауалды штабының жетекшісі.

2004 жылдан 2005 жылға дейін - "Саяси білім беру қоры" ҚҚ президенті.

2005 жылдан 2006 жылға дейін - "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық Одағындағы кеңесші.

2006 жылы – Украина, Киев облысы, Вышгород қаласы мэрінің кеңесшісі.

2006 жылдан 2007 жылға дейін - "Атамекен" ұлттық даму орталығы " ЖШС директоры.

2007 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы.

2008 жылдың наурызынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008-2010 жж. – «Мемлекеттік тілдің дамуы бойынша Президент қоры» қоғамдық қорының директоры.

2010 жылы – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының әкімі.

2010 жылдан 2012 жылға дейін – Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы әкімі.

2012 жылы – ҚР Бірінші Вице-премьерінің кеңесшісі.

2012 жылдан 2013 жылға дейін – Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімі.

2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер.

2016 жылдан бастап ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері,

2017 жылдың мамыр айынан 2019 жылдың мамыр айына дейін – ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.

2019 жылдан қаңтардан - қыркүйектің 30-ына дейін – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық архив және Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығы жанындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығы жетекшісі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы