Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген.

Білімі:

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

1994-1995 жылдары – Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, 1995-1997 жылдар – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.

1997-1999 жылдарда Баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарды.

1999-2001 жылдары Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2005 жылдары «Ақ жол» ҚДП Ұлттық зерттеулер институтының директоры, «Саяси ағарту қоры» ҚҚ президенті болып жасады.

2005-2006 жылдары – «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры.

2007-2008 жылдары – Президент Әкімшілігінде бас инспектор, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008-2010 жылдары – «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» ҚҚ директоры.

2010 жылғы қаңтар мен 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі.

2012 жылы – 1-ші Вице-премьердің кеңесшісі.

2012 жылғы мамыр мен 2013 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.

2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары – Президент жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, Қорғаныс министрлігі.

2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – Ұлттық мұражайының «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі,

2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі.

2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

2021 жылы 11 қаңтардан 2022 жылы маусымға дейін Парламент Мәжілісінің депутаты.

2022 жылдың 11 маусымында Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды, 2022 жылдың 2 желтоқсанында Президент жарлығымен осы лауазымға қайта тағайындалды.

2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғады.

10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

«10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «20 жыл Астана» (2008 ж.), «Құрмет» орденімен (2017 ж.) марапатталған. Төсбелгілер – ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2016 ж.), ҚР МСМ «Мәдениет саласының үздігі» (2019 ж.).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы