Берік Әбдіғалиұлы: «Әділетті Қазақстан» құру – ойлы мақала мен тағылымды бағдарламалар арқылы жүзеге асады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында республикалық және облыстық телеарналардың, газеттер мен интернет-басылымдардың қызметкерлері Ұлытау облысы әкімінің «Ular» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қатысты.

Қоғамды демократияландыру, сананы серпілту, рухани жаңғыру, яғни, мемлекет басшысы жариялаған «Әділетті Қазақстан» құру – газеттегі ойлы мақала, телерадиодағы – тағылымдық-танымдық бағдарламалар арқылы жүзеге асады. Сіздер мен біз бірлесе атқаратын іс жеткілікті. Осы жолда әрқашан бір болайық!» - деді аймақ басшысы.

Байқау жеңімпаздары 13 номинация бойынша анықталды.

Байқау жеңімпаздары «Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін», «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін», «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін», «Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін», «Объектив шебері» номинациялары бойынша естерік мүсіншелер мен 500 мың теңге көлеміндегі сертификаттарға ие болды.

Тағы да бірқатар БАҚ қызметкері Ұлытау облысының Құрмет грамоталарын, өңір басшысының Алғыс хаттарын, Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамоталарын және басқа да марапаттарға ие болды.

Айта кетейік, Ұлытау облысы әкімінің «Ular» сыйлығы атты байқауы облыста алғаш рет өткізіліп отыр. Бұдан былай ол жыл сайын өткізілмек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы