Берешегі бар азаматтардың тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық салықшылар берешегі бар азаматтар тізімін жариялады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР «Салық кодексінің» 127 бабына сәйкес Жамбыл облысы бойынша МКД салықтары бойынша берешегі бар азаматтардың тізімін жариялады. Тізімде борышы жарты миллионнан асып кеткен азаматтар да бар.

Салықтарды төлеу туралы міндеттеме мемлекетіміздің Ата заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабында белгіленген, атап айтқанда заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау үшін жеке тұлғалардың мекенжайларына есептелген салық сомасы көрсетілген
хабарламалар алдына ала жолданады.

Сонымен қатар, жеке тұлға өзіне қатысты салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, есептелген салықтарды міндетті түрде мәжбүрлеп алынуы қамтамасыз ету шаралары қолданылады.

ҚР Салық кодексінің 128-бабына сәйкес, салық жинауды мәжбүрлеп орындаудың нысандарының бірі салық бұйрықтарын шығару болып табылады, онда белгіленген жеке тұлғаға салық міндеттемелерін орындау үшін арнайы мерзім белгіленеді.

"Жеке тұлғаға салық берешегін жабу үшін, салықтық бұйрығын берген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей салық қарызын өтемеген жағдайда, салықтық бұйрық Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген тәртіппен орындау үшін атқарушы органдарға (сот орындаушыларға) жолданады. Бұдан кейін, сол тұлғаға қатысты сот орындаушылар тыйым салу шараларын қолдануға құқылы, атап айтқанда Қазақстан Республикасының аумағынан сырттағы елдерге кетуге тыйым салу, банктік шоттарды жабу және басқа да ҚР заңдылығымен көрсетілген іс-шараларды қолданады", - делінген хабарламада. 

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып және ҚР Салық кодексінің 127-бабын басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бүгінгі күннен бастап төрт айдан асқан салық берешегі бар салық төлеушілердің тізімін жариялауды бастайды.

Нурматова Гульнара Дуановна. Тараз қаласы салықтық берешегі 559319 теңге;

Қалиякбаров Бақыт Камелұлы. Тараз қаласы салықтық берешегі 513992 теңге;

Гулматов Бахтияр Джорайұлы. Тараз қаласы салықтық берешегі 295800 теңге;

Муминова Хура Хабировна. Тараз қаласы салықтық берешегі 333946 теңге;

Қабашев Батырхан. Тараз қаласы салықтық берешегі 173850 теңге.

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Жамбыл облысының барлық тұрғындарына өтіп жатқан салықтық рақымшылығын пайдаланып, өздерінің салықтар бойынша берешектерін төлеуге шақырады.

Айта кету керек, еліміздің барлық аймақтарындағы салықтық берешегі бар азаматтар тізімі алдағы уақыттта да жарияланатын болады, де атап өтті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде. Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе мына сілтеме бойынша http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы