30 Қазан 2026, 19:51 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Берел қорымының бірегей жәдігерлері Париждегі халықаралық көрмеге қойылады

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Париждегі Адам музейі мен Францияның Қазақстандағы елшілігі өкілдерімен кездесу өтті.

Тараптар 2027 жылы Парижде өтетін «Тарихқа дейінгі дәуірдегі байлық пен билік» халықаралық көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады.
Көрмеге Адам музейінің, Франция мен Еуропаның өзге елдеріндегі музейлердің коллекциялары қойылады. Қазақстан атынан Ұлттық музей қатысады. Көрмеде Берел қорымынан табылған бірегей археологиялық жәдігерлерді таныстыру жоспарланып отыр.

Кездесуде жәдігерлерді көрмеге дайындау, олардың сақталуын қамтамасыз ету және жобаға ғылыми сүйемелдеу жүргізу мәселелеріне айрықша мән берілді. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл кездесу қыркүйекте Парижде өткен Қазақстан күндері аясында қол жеткізілген уағдаластықтың жалғасы болды.

Ортақ жоба музейлер арасындағы әріптестікті нығайтуға, мамандардың тәжірибе алмасуына және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын шетелдік жұртшылыққа кеңінен танытуға бағытталған.