+20

Береке-бірлігі жарасқан елде тұрып жатқаныма қуанамын – Лилия Гончарук

Абай облысында 50-ден астам ұлт өкілі тату-тәтті тұрып жатыр. Көбі қиын-қыстау кезеңде қазақ жеріне қоныс аударылған. Қазір олар өңірдің дамуы үшін еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Лилия Гончаруктың ата-анасы 1941 жылы Сталин саясатының әсерінен Семей өңіріне қоныс аударылған. Оларды түрлі вагондарға отырығызып, өздері білмейтін елге аттандырған. Анасы Үржар ауданына қоныс аударылады. Әкесі майдан даласында жарақат алып, Семейге келеді. Бұрғон ауылында жұмыс істеп жүріп, екеуі шаңырақ көтерген екен. 1956 жылы олардың төлқұжаты қайтарылып, көшуге рұқсат беріледі. Бірақ ол уақытта қазақ жері Лилияның отбасының отанына айналған. Қазақстанда туып-өскен неміс ұлтының өкілі, қиын уақытта өзге ұлтқа қорған болған қазақ еліне алғысын білдірді.

Менің әке-шешем Ресей өлкесінің әртүрлі жерінде тұрған. Әкем де анам да неміс. 1941 жылы 28 тамыз күні немістерді көшіру туралы заң шығады. Содан анам отбасымен Қазақстанға көшіп келеді. Әкем соғыста жүріп жараланып, Семей өңіріндегі Үржар ауданына жіберілді. Екеуі сол жерде танысып, шаңырақ құрды. Менің балалық шағым да сол өлкеде өтті. Береке-бірлігі жарасқан елде тұрып жатқаныма, немере шөберелерімнің осында болғанына қатты қуанамын,- дейді ол.

Абай облысында 45 мәдени бірлестік бар. Олардан бөлек Семейде татар шығармашылық мектебі жұмыс істеп тұр. Ол жерде жастар ән айтып, түрлі аспаптарда ойнауды үйренеді. Барлығы тегін, қазір мұнда 200-ге жуық бала тұрақты түрде келеді. Жалпы өңірде 602 мыңнан астам адам тұрса, оның 100 мыңнан астамы өзге ұлт өкілі. Әр халықтың өз тарихы мен мұрасы сақталған. Ал олардың арасындағы достық пен түсіністік — Қазақстанның бірлігінің айқын көрінісі. Биыл өңір тұрғындары Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығын атап өтеді. Осыған орай 200-ге жуық шара ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы