26 Сәуір 2024 2024, 12:03
Фото: скрин
Береке ауылында бөгет салу жұмыстары 99%-ға аяқталды
Алмалы ауылдық округі Береке ауылында ұзындығы 7620 м болатын бөгет тұрғызу жұмысы аяқталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алмалы ауылдық округі Береке ауылында ұзындығы 7620 м болатын бөгет тұрғызу жұмысы аяқталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпы 300-ге жуық түрлі ұйымның қызметкерлері мен еріктілер тартылған жұмысқа арнайы 30 техника бөлініп, 80 әскери сарбаз, 40 ТЖ маманы жұмылдырылды. Ендігі қалған жұмыс: тұрғызылған бөгеттерді қапшықтармен бекіту.
Біздің басқармаға бекітілген учаскеде жұмыстар 6 сәуірде басталып, бүгінгі күнге 99%-ы аяқталып отыр, 20 м. дамбы салу жұмысы ғана қалды. Су тасқынына қарсы жұмысқа кітапхана мен мұражай қызметкерлері, театр, филармония әртістері, сарбаздар, ТЖ қызметкерлері тартылды. Осындай үлкен бірліктің арқасында бүгінде бізге берілген жұмысымыз аяқталып қалды, - дейді Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов.