Бердібек Сапарбаев мырза сотқа жүгінеміз деп жүр – Жақып Асанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бүгін қазақстандық соттардың кеңейтілген отырысында ҚР жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов көптеген дауларды сот емес, азаматтық қоғам институттары шешу керек екенін айтты. 

Кеше вице-премьер Сапарбаев мырза 75 мың отбасы табысын жасырып заңсыз атаулы көмек алғанын айтты. Енді үкімет қайтармағандарға байланысты сотқа жүгінбек.  Бұл дегеніміз 75 мың азаматтық сот ісі. Сот отырысы өтіп, тыңдалады. Бұл бір күнде бітетін іс емес. Еліміз бойынша судьялар күніне орташа есеппен 1800 істі қарайды. Сапарбаев мырза айтып отырған 75 мың іс тек атаулы әлеуметтік көмекке байланысты. Одан бөлек, Қырғызстан мен Армениядан келіп жатқан көліктер бар. Олардың қанша екенін нақты білмеймін, бірақ 100 мыңннан асады деп естідім. Алайда сотқа баратындары анық. Сосын елімізде 10-20 мың теңге қарызға беретін шағын несиелік қаржы ұйымдары көп. Адамдар интернет арқылы онлайн ала береді. Түк қиындығы жоқ. Барлығы дау болған кезде сотқа жүгінеді, – дейді Жақып Асанов. 

Оның айтуынша, өзге мемлекеттерде мұндай  дауларды азаматтық қоғам институттары шешеді. 
Жақында судьялар тобы АҚШ-қа барды. Ол жақта даулардың 95 пайызын сот қарамайды. Батыс елдерінде дауларды шешетін азаматтық қоғам институттары жақсы дамыған. Мемлекет бұған көп мән береді. Өйткені ақшаны санайды. Себебі сот қымбат тұрады және ұзаққа созылады. Тіпті екі тарапта кінәлі болса да, сот әйтеуір біреудің пайдасына шешуі тиіс. Сотта эмоция болмайды, ешкімді аямайды. Сосын заң барлық сұрағыңызға жауап бере алмайды. Сол себепті әлемдік құқық саласы – азаматтық құқық институттарын дамытуды қолға алған. Сақтандыру, банктік, еңбек, мемлекеттік органдармен дауларды солай шешеді, – дейді жоғары сот төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы