Бензиннің қымбаттауы тауарлардың бағасына әсер ете ме?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде бензин қымбаттаған жағдайда тауарлардың бағасы қалай көтерілетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Алдағы уақытта бензин бағасы – 11%-ға, дизель отыны 20%-ға көтеріледі. Бұл жағдай тауарлардың бағасына әсерін тигізуі мүмкін екенін министр түсіндірді.
Ең алдымен, біз жанар-жағармай бағасын екі есе көтергелі жатқан жоқпыз. Дәлірек, бензин бағасы 11%-ға, дизель отыны шамамен 20%-ға көтеріледі. Ашығын айтатын болсақ, жанар-жағармай өнімдерінің бағасының өсуі басқа тауарларға әсері бұл асыра айтылған деп ойлаймын, - деп айтты Ақшолақов.
Ол статистиканы еске түсіріп, 2021-2022 жылдары жағармай бағасы өзгермегенін айтты. Алайда тауарлар осы уақыт ішінде «өз өмірін сүрді».
Тауарлардың бағасы айтарлықтай көтеріледі деп ойламаймын. Десе де өсімді бақылау керек. Дегенмен баға өсуі мүмкін. Менің ойымша, мұның бәрі жоспардағы инфляция шегінде болады, - деп түсіндірді Энергетика министрлігінің басшысы.
Бұған дейін елімізде жанар-жағармай қымбаттайтынын хабарлаған болатынбыз.