Бензинмен жүретін көліктерді шығаруға тыйым салынбақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BAQ.KZ. Ұлыбританияда 2030 жылдан бастап бензин және дизельмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынуы мүмкін.
Ал 5 жылдан кейін гибридтік көліктерді шығару да шектелуі ықтимал. Бұл туралы Reuters агентттігі хабарлайды.
Үкімет мұндай шешімді азаматтарды қазірден бастап экологиялық көліктірге көшуге ынталандыру үшін қабылдаған. Себебі корольдік 2050 жылға қарай ауаға шығарылатын парниктік газдарды нөлге жеткізуді мақсат етіп отыр. Премьер-министр Борис Джонсон шараға қатысты жоспарын алдағы аптада жарияламақ.
Алайда кей шенеуніктер берілген мерзім өте қысқа екенін айтып, бастаманы сынға алуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теңгені алғаш қолға алғаным есімде – министр
Өзгелердің жаңалығы