Бензин мен дизель құны арзандады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекетте қазіргі қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасы президентінің халыққа жасаған жолдауы аясында 2020 жылдың 1 сәуірінде "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттері желісін басқаратын "PetroRetail" компаниясы АИ-92 маркалы бензиннің және дизель отынының құнын 10 теңгеге дейін арзандатты.
"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің жекелеп сату бағасы литріне 2-9 теңгеге, дизель отынының литр құны 7-10 теңгеге арзандады. Мәселен, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында АИ-92 150 теңгеден сатылса, дизель отынының құны 183 теңгеге тұрақтады. Басқа қалалар мен өңірлерде АИ-92 баға ауқымы 150-155 теңгені құрайды. Дизель отынының құны 182-186 теңге аралығында, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2-4 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Белгілі испан режиссері Қарлаг туралы фильм түсіреді
Өзгелердің жаңалығы