Бүгiн 2026, 13:12 Фото: Aljazeera

Бенгал шығанағында босқындар саны артып, өлім көбейді

Рохинджа босқындары қауіпті жолды таңдауға мәжбүр.

Жыл басынан бері 2 800-ден астам рохинджа босқыны Мьянмадан теңіз арқылы кетуге әрекет жасаған. 2025 жылы қаза тапқан рохинджа босқындарының саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ  Al Jazeera дерегіне сүйене отырып.

Бенгал шығанағы мен Андаман теңізінде шамамен 900 адам қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған.

Соңғы он жылда осы теңіздерде шамамен бес мыңға жуық адам суға батып кеткен. Тек 2026 жылдың өзінде қауіпті жолмен Малайзияға немесе Индонезияға жетуге 2 800-ден астам адам әрекет жасаған.

2017 жылы наразылықтарды күшпен басу операциясы басталғалы бері жүздеген мың адам Мьянмадан кетуге мәжбүр болды.

Босқындар лагерлеріндегі ауыр жағдай көптеген рохинджаларды Малайзияға жету үшін тағы да тәуекелге баруға итермелеп отыр. Олар бұл елді өмір сүруге қауіпсіздеу орын деп санайды.