+13

Бельгияда жалпыұлттық ереуілдер өтіп жатыр

Бельгияда мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік сектордың қызметкерлері жалпыұлттық ереуілдер аясында 24 сағатқа жұмыстарын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Euronews мәлімдеді.

Белгілі болғандай, елдегі мемлекеттік қызмет пен көліктердің қозғалысы бұзылып, әуе байланысы толықтай жұмыс істеуін тоқтатқан.

Христиандық және социалистік кәсіподақтар елдің коалициялық үкіметі жариялаған бюджетті қысқартуға қарсы ереуілге шыққан.

Өзгерістер зейнетақы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, мемлекеттік қызмет пен еңбек нарығын қамтиды деп отыр.

Бүкіл Бельгия бойынша қоғамдық көліктің жұмысы толықтай бұзылды.

Фландрияда автобустар мен трамвайлар кестеге сай жұмыс істей алмағаны анықталды. Ұлттық теміржол қызметі де пойыздардың жартысынан көбін ғана рейске шығарған.

Мектептердің жартысы жабылса, кейбір мемлекеттік қызметтердің жұмысы толықтай тоқтатылды.

Ереуілге жекеменшік сектордың жұмысшылары да қосылған.

Оның әсері халықаралық деңгейге дейін жетті. Себебі Брюссель әуежайында барлық 244 рейс тоқтатылып, барлық ұшып келуші рейстерге қауіп төніп тұрғанын ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: АР/Virginia Mayo
Өзгелердің жаңалығы