Бельгияда ежелгі ғимаратты қайта жөндеу кезінде 9 млн еуроға жуық алтын табылды
Құны шамамен 9 млн еуро болатын алтынның кімге тиесілі болатыны әзірге белгісіз.
Бельгияның Дендермонд қаласында ежелгі ғимаратты қайта жөндеу кезінде шамамен 9 миллион еуроға бағаланған алтын қазына табылды.
Анадолы агенттігінің жазуынша, DE Brand құрылыс компаниясының жұмысшылары жертөле қабырғасынан алтын салынған сейфті анықтаған. Оның ішінен алтын құймалары мен мыңдаған көне алтын монета шыққан.
Қазына қазір әлеуметтік көмек орталығының кеңселеріне айналдыру үшін жөнделіп жатқан бұрынғы сыра зауытының аумағынан табылған. Жұмысшылар олжа туралы ғимарат иесіне және құқық қорғау органдарына дереу хабарлаған.
Полиция табылған алтынды тәркіленіп, қауіпсіз жерге жеткізді. Шығыс Фландрия прокуратурасы қазынаның шығу тегін анықтап, оның заңды иелері мен мұрагерлерін іздеу бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Құны шамамен 9 млн еуро болатын алтынның кімге тиесілі болатыны әзірге белгісіз.
Қазына туралы ақпарат тарағаннан кейін жергілікті тұрғындар ғимарат маңына алтын іздеп келе бастаған.