Бельгияда 16 жастағылар сайлауда дауыс бере алады
Бельгияда 16 жасқа толғандар дауыс береді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Енді жасөспірімдер Еуропарламент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасай алады. Мамандар бұл сайлау науқаны кезінде жастардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді дейді.
Бұған дейін Мальта, Германия мен Австрия заңға өзгерістер енгізген еді. Жергілікті билік өкілдері жасөспірімдердің пікірін ескерген жөн деп отыр. Сөйтіп, Бельгияда 300 мыңға жуық жас жеткіншек сайлауға қатысу құқығына ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы