19 Шілде 2026, 08:50 Фото: pixabay

Бельгия Израиль аудандарынан әкелінетін тауарларға тыйым салуды мақұлдады

Жаңа талаптарға сәйкес өзгерістер 1993 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған тауарлар мен оларға қатысты технологиялардың импорты, экспорты және транзитін реттейтін корольдік жарлыққа енгізіледі

Бельгияның Министрлер кеңесі Палестинаның оккупацияланған аумақтарындағы Израиль қоныстарында өндірілген өнімдерді импорттауға тыйым салу туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Максим Прево мәлімдеді.

Жаңа талаптарға сәйкес өзгерістер 1993 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған тауарлар мен оларға қатысты технологиялардың импорты, экспорты және транзитін реттейтін корольдік жарлыққа енгізіледі.

Тыйым Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы, соның ішінде Шығыс Иерусалимдегі және Газа секторындағы Израиль қоныстарында өндірілген өнімдерге қатысты болады.

Жаңа тәртіп қолданыстағы лицензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Егер құжаттар тауардың оккупацияланған аумақтағы Израиль қонысында өндірілгенін растаса немесе соған негіз болса, импортқа рұқсат берілмейді.

Заң жобасында жаңа ережелер күшіне енгенге дейін 120 күндік өтпелі кезең қарастырылған.

Бұл бастама алғаш рет өткен жылдың жазында Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы аясында ұсынылған болатын. Бұған дейін Еуропалық одақ елдерінің сыртқы істер министрлері де осындай шектеулерді енгізу мәселесін талқылағанымен, ЕО деңгейінде әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ.