Адам өліміне әкелетін белгісіз вирус пайда болды

Алматы, BAQ.KZ. Елде белгісіз вирустық ауруды анықтаған Боливия билігі дабыл қағуда, деп жазды life.ru. 

Енді олар халықаралық қауымдастықтан бұл қандай вирус екенін анықтауға және онымен күресуге көмек сұрап отыр. Бұл жайында елдің Денсаулық сақтау министрі Габриэла Монтаньо журналистермен кездесу кезінде айтты.

Белгісіз вирустан бір әйел адам қайтыс болған. Сонымен қатар, интенсивті терапия палатасында бірге болған екі адам да көз жұмған. Тағы үш адамда дәл осындай аурудың белгілері анықталған.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бұл ауру түрі тұмаудың алғашқы кезеңіне және денге безгегіне ұқсайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы