Белгісіз біреу Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасын бұзып кірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгісіз біреулер Денсаулық сақтау министрлігінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын бұзып, тартып алған. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артықшынова жазды.

Инстаграмм арқылы Фейсбуққа жазып отырмын! Өкінішке қарай, белгісіз жандар Денсаулық сақтау министрлігінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын және менің жеке парақшамды бұзды. Сол себепті, фейсбуктегі ақпаратты уақытша менің және министр Ажар Ғинияттың парақшасында жариялайтын боламыз, - деп жазды  Әсел Артықшынова.

Сонымен қатар, ресми ақпарат сайтта және басқа да әлеуметтік желілерде жарияланады: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

Инстаграм: https://www.instagram.com/healthcare.gov.kz/

Телеграм: https://t.me/DenMinPR

Парақшаны қайтару бойынша фейсбукке хат жолданды, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы