Белгілі қытайтанушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сирек фотосын жариялады

Белгілі қытайтанушы Иван Зуенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше фотосуретін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл фото Қытайдың маңызды аймақтарының бірі – Цзянсу провинциясында түсірілген

Кеңестік қытайтанушылардың 1983 жылы Қытайға алғаш рет тәжірибе алмасуға барған сапары тақырыбы естен кетпейді. Мен 1983/1984 жылдардағы сол алғашқы топтың (10 адам және барлығы Мәскеуден, барлығы тек Бейжіңде оқыды) екі өкілінің суретін тауып алдым, - дейді автор.

Оның жазуынша, қытайтанушылардың кейінгі толқынында адам айтарлықтай көбірек болды және олар жоғары білімді академиялық ортада өте танымал еді. Соған қарап, 1983/1984 жылдардағы топтан «тарихи із» қалмаған сияқты болуы ықтимал. Алайда, 1983/1984 жылдардағы толқынның екеуі қазір өте танымал адамдар.

Біріншіден, Қасымжомарт Тоқаев (ол кезде оның есімі осылай жалзылушы еді) – фотода ол оң жақта тұр. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, сол кезде 30 жастағы КСРО Сыртқы істер министрлігінің қызметшісі еді. Қазір Қазақстан Президенті.

Екіншіден, Игорь Моргулов Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері елдері инстиутының 22 жастағы түлегі, қазір Ресейдің Қытайдағы елшісі.

Тоқаев оң жақта тұр, екеуінің сол кездегі бірге түскен суреттері табылмады. Алайда Тоқаевтың жанында тұрған адам да танымал қытайтанушы Андрей Царенко. Сол кезде ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті еді, кейінірек КСРО елшілігінің қызметшісі.

Сурет Цзянсу провинциясының Уси қаласына сапар барысында түсірілді, Қ.К. Тоқаевтың «Беласу» кітабынан алынды, - деп жазады автор.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: t.me/china80s
Өзгелердің жаңалығы