Белгілі дипломат Қайыр Омаров өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қызметкер Қайыр Омаров дүниеден өтті. Бұл туралы Қайрат Лама-Шәріп хабарлады.

Бүгін 88 жасына қараған шағында Қазақ дипломатиясының ардагері Омаров Хаир Рахметжанұлы дүниеден озды. 2008 жылы Сауд Арабиясында Елші болып жұмыс істеп жүргенде Хаир аға үлкен қажылықтан өткен еді. Марқұмның жатқан жері торқа болсын, жаны жанатта болсын. Иман байлығын берсін - деп жазды Қайрат Лама-Шәріп.

Қайыр Омаров 1933 жылы дүниеге келген.

Дипломатия қызметіне өмірін арнаған азаматтардың бірі - Қайыр Омаров. Ол дипломатиялық қызметті кешегі КСРО кезінде бастап, тәуелсіздік жылдарында сәтті жалғастырды.

Мектеп қабырғасынан қалыптасқан алғырлық Қайыр Омаровты кәсіби дипломат атандырды. Экономика мамандығын меңгерген ол 1967 жылы Ресейдегі дипломаттар академиясынан тәлім алады.

1970 жылы Моңғолияда екінші хатшылық тізгінін алып, Азия бағытындағы сыртқы саясат пен қарым-қатынасты арттырды. Экономика, мәдениет пен ақпарат үштігінде жүйелі жұмыс жүргізді.

Баян-Өлгийді қоныстанған қандастарымызға арнап, туған ел туралы ақпарат тарататын теле-радио арнасын  іске қосты. Дипломаттың  парасатты ісі кейінгі буынға өнеге.

Жауапкершілігі мол дипломатиялық қызметтің жүгін абыроймен арқалап, өз мемлекетін өзге елге танытуда қажырлы қызмет еткен  Қайыр Омаровтың еңбегі еленді. «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы