Бүгiн 2026, 18:40 Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

Белгілі әртістер, спортшылар мен депутаттар ҚХП тізіміне енді

Қазақстан Халық партиясы 72 кандидаттан тұратын тізімді ұсынды.

Қазақстан Халық партиясы өз съезінде 72 адамнан тұратын кандидаттардың партиялық тізімін жариялады. Олардың қатарында қазіргі депутаттар, бизнес, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, тізімнің 75%-ын еркектер (54 адам), 25%-ын әйелдер (18 адам) құрайды. Кандидаттардың орташа жасы - 45 жас, бұл ретте тоғыз адам 35 жасқа толмағандар. Кандидаттардың басым бөлігі – қазақтар (82%), сондай-ақ тізімге орыс, ұйғыр, корей, татар және грузин ұлтының өкілдері кірді.

Партия өкілдерінің атап өтуінше, ең үлкен топты кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері құрап отыр. Олар 25 адам немесе тізімнің 35%-ы. Тағы 19 кандидат – партия функционерлері, 15-інің мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар, 10-ы бұрын немесе қазіргі уақытта мәслихат депутаттары болып табылады, ал төрт кандидат Мәжілісте жұмыс істеген.

Партиялық тізімге Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов, Мәжіліс депутаттары Асылбек Нұралин, Кенжеғұл Сейтжан, Ислам Сұңқар және Ирина Смирнова, сондай-ақ бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, актерлер мен мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер, ғалымдар, журналистер және партияның өңірлік филиалдарының өкілдері енді.

Танымал кандидаттардың қатарында әнші Тамараасар Жанқұл, актриса әрі тележүргізуші Ақбота Асқарбекова, еңбек сіңірген әртіс Венера Нигматулина, муай-тайдан екі дүркін әлем чемпионы Данияр Арғұмбаев, сонымен қатар ірі компаниялардың басшылары мен салалық сарапшылар бар.

Қазақстан Халық партиясынан үміткерлердің толық тізімі:

1. Ғалымжан Әбдірайымов

2. Теміржан Әбдірахманов

3. Әлімбек Әгібаев

4. Рахман Аққозиев

5. Ләззат Ақтаева

6. Әлібек Әлмәдиев

7. Қайыркен Амантаев

8. Найля Аппасова

9. Данияр Арғұмбаев

10. Ақбота Асқарбекова

11. Эльмира Әуезова

12. Мирас Әукенов

13. Алмат Ахметов

14. Ардақ Балажанова

15. Әсемгүл Балықбаева

16. Әлібек Бегалинов

17. Александра Беглова

18. Серік Беркамалов

19. Жандос Бидайбеков

20. Нұржан Бияқаев

21. Уатхан Біләл

22. Жәнібек Ғазиз

23. Игорь Гноевой

24. Дамир Дигай

25. Балжан Досмұхамбетова

26. Еркебұлан Дудабаев

27. Лаура Еділбаева

28. Қайрат Ерназаров

29. Тамараасар Жанқұл

30. Әсел Жапарова

31. Олжас Ибраимов

32. Фарух Илиев

33. Ұлан Іңкәрбеков

34. Орынбасар Исабаев

35. Жұмағали Исмаилов

36. Теңіз Қабақов

37. Дамир Қабдешев

38. Айдын Қайдаров

39. Асқар Қаймақов

40. Зухра Камбарова

41. Аман Қанатұлы

42. Дамир Каюмов

43. Лейла Күленова

44. Бауыржан Құрманғазин

45. Надир Курумбаев

46. Бейбіт Құсайынов

47. Борис Лаврентьев

48. Кәлел Мақсұтов

49. Едіге Марғұлан

50. Мұратбек Маханов

51. Евгений Миронов

52. Венера Нигматулина

53. Асылбек Нұралин

54. Ілияс Нұрсейітов

55. Нұрдәулет Оразханов

56. Владислав Пан

57. Виктор Поднебесный

58. Дархан Рамазанов

59. Марлен Рысбеков

60. Совет Сейітов

61. Кенжеғұл Сейтжан

62. Болат Смағұлов

63. Ирина Смирнова

64. Ләззат Сүлеймен

65. Ислам Сұңқар

66. Қарлығаш Сыдықова

67. Рашид Төлеуғалиев

68. Жандос Уәлихан

69. Баймырза Умаров

70. Омари Харбедия

71. Нұрсұлтан Шоқанов

72. Елена Шонаева