Белгілі ақын Күләш Ахметова өмірден өтті

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова дүниеден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ақынның дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына, әдеби қауымға және барша халқына қайғырып көңіл айтты.

Күләш Ахметова – өзінің нәзік лиризмімен, азаматтық асқақ үнімен, ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен қазақ поэзиясында айрықша із қалдырған тұлға. Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тауып, бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды, - делінген көңіл айтуда. 

Министрлік ақынның жарқын бейнесі мен мол рухани мұрасы халқымен бірге мәңгі жасайтынын, оның өнегелі жолы жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі болып қала беретінін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы