Белгілі «Amazon» интернет дүкеніне айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Amazon» интернет дүкеніне 746 млн еуро айыппұл салынды.
Еуропалық құпиялылықты бақылау қызметі алпауыт интернет дүкенде жеке деректерді өңдеу ЕО-ның Деректерді қорғаудың жалпы ережелеріне сәйкес келмейтінін анықтады.
Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Айыппұлды екі апта бұрын «Amazon»-ның еуропалық штаб-пәтері орналасқан Люксембург ұлттық деректерді қорғау комиссиясы салған.
Компания айыптауды жоққа шығарады және шағымданатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Еуропадағы деректерді қорғауды қадағалау органдары компанияға олардың жылдық жаһандық сатылымының 4 пайызына дейін айыппұл салуға құқылы.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында франциялық информатика және азаматтық бостандықтар комиссиясы «Amazon»-ға пайдаланушылардың жеке ақпараты қамтылған cookie файлдарын олардың келісімінсіз пайдаланғаны үшін айыппұл салған еді. Сол кезде компанияға 35 млн еуро айыппұл салынған болатын.