Белгілі актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі әртіс, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиева дүниеден өтті. Бұл туралы Асхат Маемеров өзінің ппарақшасында жазды.
Апа-оу егілттіңіз ғой, жылаттыңыз ғой дүйім елді.... Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді.... Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті. Көкіректі кернейтін өкініш... Ғазиза Апа, асыл апам-ай... - деп өкінішін білдірді Ғазиза Мәкешқызының өнердегі шәкірті.
Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген.
Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970).
Консерваторияның 4-курсында оқып жүріп, 1969 жылы Ғ.Мүсіріепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады.
1969-1993 жылдары осы театрда аянбай еңбек етеді.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік бөліміне ауысады.
1994 ж. бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында "актерлік шеберлік" мамандығынан дәріс оқиды.
Оның кино саласында сомдаған рөлдері:1977 - «Нан» – Жамал (реж. А. Тәжібаев)
1982 - «Қауын» – бас кейіпкердің зайыбы (реж. В. Пұсырманов),
1990 - «Қыз жылаған» – Әсия (реж. С. Нарымбетов),
«Жел адам» – ауыл тұрғыны,
2009 - Сіз кімсіз, К мырза?» – жолсерік (реж. Қ. Ахметов),
2009 - «Біржан сал» – Бүрме әже (реж. Д. Жолжақсынов),
2011 - «Айналайын» – Сәлима (реж. А. Сатаев);
1996-2000 - Тоғысқан тағдырлар (Роза)
2001-2003 - Саранша (Марго)
2002 - Ләйләнің зары
2007 - Однажды в багажнике - Женщина на вокзале
2008 - Откройте дверь, я счастье
2012-2013 - «25 км» Қарлығаш (реж. И.Пискунов)
2012-2013 - «Домашние войны» Әже (реж. А.Кирюшенко)
2014 - Кемпір» Күлпәш (реж. Е.Тұрсынов)
2015 - Зауал» Әже (реж. Ж.Айбасов)
2015 - «Побег из аула» Тетя героя (реж. Н.Адамбаев)