"Белдікпен сабаған". Шымкентте жасөспірім өгей әкесінен қорлық көріп келген

Еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Шымкентте жасөспірім қызға өгей әкесі тарапынан көрсетілген зорлық-зомбылық дерегіне қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Динара Зәкиеваның сөзінше, алғаш рет былтыр сәуір айында осы дерек бойынша арыз түсірілген екен.

Кейін қыз Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылды. Осы оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Біраз уақыттан кейін қыз үйіне оралды, - деді ол.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қазір жасөспірім қайтадан жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатқанын айтты. Сонымен қоса ата-ана құқығынан айыру мәселесі қозғалғанын да атап өтті.

Қазір ол қайта Жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр. Сот отырысы өтеді. Анасы мен оның екі бауыры Дағдарыс орталығына орналастырылды. Юристер мен психологтар отбасы мүшелерімен жұмыс істеп жатыр. Осы дерек бойынша қалалық Прокуратурамен де байланыс орнаттым, - деді Зәкиева.

Еске салсақ, кеше "НеМолчиКЗ" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Шымкентте өгей әкесі соққыға жығып, белдікпен сабап жатқан жасөспірім қыздың видеосын салды. Айтуынша, ер адамның қызға қорлық көрсеткені соншалық, шашын да жұлып алған көрінеді. Осы уақытқа дейін қыздың анасы да зорлық-зомбылық көріп келе жатқаны анықталды.   

Ескерту: Видеода былапыт сөздер көп!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы