Белбеумен буындырып, бет-әлпетін тілгілеп тастаған: Ақтөбедегі аяусыз кісі өлтіру ісі қайта қаралды
Ақтөбе тұрғыны адам өлтіру және қарақшылық үшін 22 жылға сотталды.
Кассациялық сотта кісі өлтіру және қарақшылық жасағаны үшін сотталған ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша адвокаттардың шағымы қайта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сотта мәлім еткендей, 2024 жылғы 9 маусымда Ақтөбе қаласының тұрғыны сатып алушы ретінде өзін таныстырып, «Toyota Camry» автокөлігін сатып жатқан әйелді адам аз жүретін жерге алдап апарған. Сол жерде оған шабуыл жасап, қауіпсіздік белдігімен тұншықтырған. Сотталушы жәбірленушінің кім екенін тануды қиындату мақсатында оның бет-әлпетін пышақпен тілгілеген.
Одан кейін алтын алқасын алып, мәйітті бұталардың арасына тастап, ұрланған автокөлікпен оқиға орнынан қашып кеткен.
Кассациялық шағымда қорғау тарапы істі жаңа қарауға жіберуді сұрап, сот тергеуінің толық жүргізілмегенін және сотта қорғану құқығының бұзылғанын алға тартқан.
Алайда кассациялық сот іс бойынша қабылданған сот актілерін негізді деп таныды.
Себебі жәбірленушінің жеке заттары мен автокөлігі сотталғаннан табылған, бейнебақылау камералары оның әрекеттерінің ретін көрсетеді, шабуыл кезінде жәбірленушінің «112» қызметіне қоңырау шалғаны тіркелген, ал ДНҚ-сараптамасы сотталғанның мәйіт жанында болғанын растаған. Қорғау тарапының полиция қысымы мен үшінші тұлғалардың қатысы туралы нұсқалары негізсіз деп танылды. Нәтижесінде сотталушы қарақшылық және адам өлтіру қылмыстары үшін тағайындалған 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді жалғастырады, - деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты.
Еске салайық, бұған дейін пойыздағы кісі өлтіру ісі бойынша Ақтөбеде сот үкімі шықты.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматыда 15 жастағы жетім қызға 8 жігіт зорлық көрсеткен
Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті атып кетті
Жәйремдегі қанды қылмыс: Төрт баланың анасын өлтірген күдікті өзіне қол жұмсамақ болды