«Белавиа» авиакомпаниясы Қазақстанға ұшатын рейстер санын көбейтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Белавиа» авиакомпаниясы Қазақстанға ұшатын рейстер санын көбейтіп жатыр. ​

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

29 сәуірден бастап Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстердің санын арттыруды жоспарлап отыр. 

Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарлануда. 

Осылайша, екі ел арасында EMB190, EMB 170, Boeing 737 әуе кемелерінде аптасына 14 рейс орындалады. Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы