Беларусьтегі наразылықтар шығыны 0,5 миллиард долларға бағаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь Президентінің қаржы-несие жүйесі бойынша көмекшісі, экономика ғылымдарының докторы Валерий Бельский елдегі наразылық акцияларынан келтірілген залалды 0,5 миллиард доллар деңгейінде бағалады. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

Наразылық акцияларынан болған шығындар – бұл гүлзарлар мен көгалдарды қалпына келтіруге жұмсалған 500 мың беларусь рублі емес. Қазіргі шығын кем дегенде 500 млн долларды құрады. Жылдар бойы құрылған шетелдік несиелеу жүйесінің негізі бұзылды, елдің инвестициялық тартымдылығы бұзылды, санкциялар талқылануда, - деді Бельский БелТА мемлекеттік агенттігінің сайтында жарияланған мақалада.

Президент көмекшісі елдің ең жақсы деген мемлекеттік кәсіпорындар ереуілді наразылық нысаны ретінде таңдалғанын айтты. 

Ереуілді саяси наразылықтың бір түрі ретінде мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлері таңдады. Олар - үздік кәсіпорындар. Оларға Мемлекет басшысының шешімімен қолдау көрсетіліп келген. Лайықты жалақысы бар, әлеуметтік пакеті бар, - деді Бельский. 

Ол сөзіне дәлел ретінде Беларусь металлургия зауытындағы, «Беларускалиядағы», Минск доңғалақты тартқыштар зауытындағы орташа жалақы туралы мәліметтерді келтірді.

Сонымен бірге, Бельскийдің айтуынша, «көптеген жеке компания COVID кезеңінде бәсекелестерін жоғалтқан жаңа нарықтарда жұмыс істеуді жалғастыруда». Мысал ретінде ол "Амкодор" (Беларусь машина жасау компаниясы) кәсіпорнын келтірді.

Оның пікірінше, мемлекеттік кәсіпорындардағы ереуілшілер «жұмыссыз қалу қаупін жоғалтқан».


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы