Беларусьтегі кейбір әскерилер жұмыстан шыға бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. NEXTA Live тelegram арнасының хабарлауынша, әскерилердің кейбірі әскери формаларын қоқыс жәшіктеріне лақтырса, ал кейбір әскери қызметкерлер отставкаға кетіп жатыр.

Беларусьте кейбір құқық қорғау органдарының қызметкерлері президенттік сайлаудан кейін болған көшедегі наразылықтар аясында жұмыстан шыға бастады. Милиционерлер мен ішкі әскерлерде қызмет ететіндердің әлеуметтік желілерде роликтері пайда болды, онда олар елдегі жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірген.

NEXTA Live тelegram арнасының хабарлауынша, әскерилердің кейбірі әскери формаларын қоқыс жәшіктеріне лақтырса, ал кейбір әскери қызметкерлер отставкаға кетіп жатыр.

Арнайы жасақ сарбазы Артем Белинович Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеосында «Белоруссияда арнайы күштердің белоруссиялық бауырластығы енді жоқ», деп мәлімдеді. Содан кейін ол әскери формасын қоқыс контейнеріне лақтырып жіберді. 

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтті. Республиканың ОСК алдын ала мәліметтері бойынша, Александр Лукашенко президент сайлауында 80,08 пайыз дауыс жинады, оппозициялық кандидат Светлана Тихановская — 10,09 пайыз жинаған. Басқа кандидаттар — Анна Канопацкая, Андрей Дмитриев және Сергей Черечень — тиісінше 1,68 пайыз, 1,21 пайыз және 1,15 пайыз дауыс алды. Үміткерлердің барлығына сайлаушылардың 4,6 пайызы қарсы шықты. 

Сайлау күні кешке қарай электораттық іс-шараның соңыжаппай тәртіпсіздікке ұласып, жағдайды күшпен басуға тура келді. ІІМ ақпаратына сәйкес, 10 тамыздағы митингтерде үш мыңға жуық адам ұсталды. 50-ден астам азамат пен 39 полиция қызметкері зардап шекті, кейбіреулері ауруханаға жатқызылды.  

11 тамызда Беларусьтің Денсаулық сақтау министрлігі тәртіпсіздік салдарынан 200-ден астам адам ауруханада емделіп жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, азаматтарда жұмсақ тіндердің зақымдалуы, бас сүйек-ми және басқа да жарақат түрлері тіркелген. Сондай-ақ, бір адамның өлімі тіркелген. Сонымен қатар, 11 тамыздағы мәліметтер бойынша, бұқаралық акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар тағы екі мыңға жуық адам ұсталған. 

Ал, 12 тамыз күні ОМОН, Ішкі әскерлер және Беларусьтің басқа да күштік құрылымдары Минск көшелерінен кеткені хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы