Беларусьте тәулігіне 5,3 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушысы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусьте өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 5355-ке өсіп, 913333-ке жетті.Бұл туралы 26 ақпанда Белоруссияның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пандемия басталғаннан бері Беларусьте барлығы 913 333 адам оң нәтиже көрсеткен, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ елде COVID-19-дан қайтыс болғандардың жалпы саны 6454-ке жеткені хабарланды.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта Беларусьте 901 068 адам аурудан айыққан. Елде коронавирусқа қарсы 12 408 634 адамға сынақ жүргізілген.

Еске салайық, бір күн бұрын Беларусьте 5 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушысы анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы