Беларусьте сотталған Қазақстан азаматтары елге қайтарылды

Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан азаматтары «К» және «М» беру туралы сұранысын қанағаттандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азамат «К»  Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат «М» жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді.

Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы