Беларусьте президенттік сайлауға мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саяси шара 8 тамызға дейін жалғасады, деп жазды "Хабар 24".
Осы уақыт аралығында түрлі себептерге байланысты сайлау күні дауыс бере алмайтын азаматтар өз таңдауын жасай алады. Ол үшін ел бойынша 5800-дей сайлау учаскесі ашылды.Бүгінде саяси додаға 5 үміткер қатысып жатыр. Арасында қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко мен оппозициялық кандидат Светлана Тихановская да бар.
Айта кетейік, осымен алтыншы рет сайлауға түсіп отырған Александр Лукашенко өзінің сайлауалды бағдарламасын ресми жария етті. Онда Беларусь президенті ел конституциясын өзгерту жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қордайда фармацевтикалық зауыт салынуда
Өзгелердің жаңалығы