Беларуссияда халықтық айыптау шеруі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Минскінің түрлі аудандарынан адамдар анонстар мен ешбір хабарландырусыз наразылыққа шықты.
Алайда, жоспарланған митингілер ертең өтеді деп күтілуде. Минскіде және ел астанасы маңындағы қалаларда адамдар 12 желтоқсанда жарияланбаған наразылықтарға шықты, деп хабарлайды «Радые Свабода».
Бір қызығы, оппозициялық беларусьтік Telegram арналарында сенбілік акцияларға қатысты хабарландырулар болған жоқ.
Басылым наразылықтар орталық көшелерден шеткі көшелерге көшкеннен кейін, адамдар митингті қашан және қалай өткізу керектігін өздері шеше бастады, деп болжайды.
Сонымен бірге, 13 желтоқсан, жексенбіде Беларусьте оппозициялық Telegram арналары аймақтық шерулер форматында өтетін халықтық айыптау шеруін жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы