Беларусь мұнай жеткізуді әртараптандыру мәселесіне ерекше мән береді – Лукашенко
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Беларусь мемлекеті Қазақстан мұнайын Ресей арқылы тасымалдай алады. Егер Ресеймен келісімге келе алса, онда Беларусь елімізден мұнай импорттауға мүдделі.
Ақордадағы Қазақстан президентімен келісімнің қорытындасы бойынша мәлімдеме барысында Беларусь президенті Александр Лукашенко өткен жылғы екіжақты сауда айналымының көрсеткіші 800 млн долларды болашақта млрд долларға жеткізу мүмкіндігі барын атап өтті.
"Қазақстан Беларусьтің ТМД елдері ішіндегі басты сауда серіктесі. Соңғы жылдары өзара сауда айтарлықтай артып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 900 млн долларға жетті. Биылғы жылы да оң динамика сақталды. Бұл көрсеткіш Қазақстан ауқымына да, Беларусь мүмкіндігіне де жауап бермейді. Бірлескен күшпен бұл көрсеткішті млрд долларға жеткізу мүмкіндігі бар. Басым сала ретінде өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды таңдап алдық. Демек, қарапайым саудадан бірлескен кәсіпорындарды құру бойынша операциялық байланыстарға көшеміз. Бүгінде Қазақстанда беларусь техникасы комбайн, ауыл шаруашылығы техникаларын жинау бойынша кәсіпорын сәтті жұмыс істеп тұр. Қазақстанда Минск трактор зауытының өнімдерін шығару бойынша жұмысты анықтадық", - деді Лукашенко.Президенттің айтуынша, Беларусь мұнай жеткізуді әртараптандыру мәселесіне ерекше мән береді. Сондықтан да, бұл шикізатты Қазақстаннан Беларуське импорттауға мүдделі.
«Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, жол құрылысы, мұнай-газ кешені, IT-технологиялар, ғарышты бейбіт игеру. Дәстүрлі түрде бізді Қазақстанда өндірілетін металл, астық, мақта, мұнай-газ өнімдері қызықтырады. Беларусь мұнай жеткізуді әртараптандыру мәселесіне ерекше мән береді. Сондықтан да, бұл шикізатты Қазақстаннан Беларуське импорттауға мүдделіміз. Біз жақын арада транзит бойынша Ресеймен консультация өткіземіз деп келістік. Бұл мүмкіндік болса, қазақстандық мұнай Ресей аймағы арқылы Беларуське өтеді. Жоғары технологиялардың даму мүмкіндігін ескере отырып, екіжақты инновациялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, біз біздің елде венчурлық қорды құру туралы келістік, ол әлеуетті компаниялар мен кәсіпорындарды құрумен айналысады. Қазақстанның бұл салада тәжірибесі жоғары", - деді Лукашенко.
Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Беларусь еліне ресми сапармен келуге шақырды.
"ЕАЭО аясында кедергілерсіз жұмыс істеу мен сауданы еркін жүргізу, шаруашылық субъектілеріне тең жағдай жасау бойынша келістік. Келіссөздердің негізгі нәтижесі көші-қонға, жерді қашықтықтан зондтау мен сыртқы, құқықтық, жедел саласына қатысты халықаралық құжатқа қол қою болды. Бізді Қазақстанмен ұзақмерзімді, тыңғылықты жұмыс күтіп тұр. Қорытындысында, келіссөздер достастық қарым-қатынаста өтті. Іскерлік-сенімділік деңгейде жүзеге асырылды. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесі Минск пен Нұр-Сұлтан қалаларының стратегиялық әріптестігіне сәтті әсер етеді деген үміттемін. Мен Қазақстан президентін келер жылы ресми сапармен Беларуське келуге шақырдым. Бұл бізге бүгінгі айтылған келісімдерді реттеуге мүмкіндік беріп, қол қойылған келісімдердің орындалғанын қарастырады. Қазақстан халқына айтарым, сіздер Беларусьпен байланыстық орнатып, дұрыс жасадыңыздар. Себебі, біз әркез баршаның сенімінен шыға білдік, сіздердің сенімдеріңізден де шығамыз. Еуропаның ортасында да сіздердің жерлеріңіз бар екенін біліңіздер", - деп қорытындылады Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенконың ресми сапары аясында қол қойылған екіжақты келісімдердің тізімі:
ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Беларусь Республикасының ішкі істер министрі Ю.Караев Үкіметтер арасындағы көші-қон саласына ынтымақтастық мәселесіне қатысты келісімге қол қойды.
ҚР бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов пен Беларусь тергеу комитетінің төрағасы И. Носкевич ішкі істер мәселелерінде келісімге қол қойды.
ҚР ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Беларусь Республикасының сыртқы істер министрі Владимир Макей жедел-техникалық, ақпараттық өзара іс-қимыл жасау келісіміне қол қойды.
ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Беларусь Республикасы сыртқы істер министрі В.Макей саяси 2020-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
ҚР әділет министрі Марат Бекетаев пен Беларусь Республикасының мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы А.Гаев мемлекеттік мүлікті тіркеу туралы келісімге қол қойды.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пен Беларусь ұлттық ғылым академиясының төрағасы Владимир Высоков қашықтықтан зондтау бойынша келісімге қол қойды.
Айта кетейік, бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Беларусь президенті Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мен Беларусь президенттері мемлекеттер арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға уағдаласты. Сонымен қатар, Тоқаев пен Лукашенко екіжақты келісімдерге қол қойып, мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш Құдайбергеннің жұлдызды сәтін еске алды.