Беларусь елінде Тихановскаяның ұйымына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь Республикасының құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесін құру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Sputnik Беларусь.
Үйлестіру кеңесін құру және оның қызметі мемлекеттік билікті басып алуға, сондай-ақ, Беларусь Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады журналистерге Беларусь елінің бас прокуроры Александр Конюк.
Ал ол Үйлестіру кеңесі Беларусь президенттігіне экс-үміткер Светлана Тихановскаяның бастамасымен құрылған болатын. Арнаулы үйлестіру тобының төралқа мүшелігіне Светлана Алексиевич, Лилия Власова, Сергей Дылевский, Максим Знак, Ольга Ковалькова, Мария Колесникова, Павел Латушко кірді.
19 тамызда кеңес алғаш рет жиналып, төралқа мүшелері сайланды және қаулы қабылданды. Үйлестіру кеңесі саяси дағдарысты еңсерудің және қоғамда бітімгершілікті орнатудың жолдарын іздестіруді мақсат етеді, - деді төралқа мүшесі Мария Колесникова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы