Беларусь дәрігерлері елордалық әріптестерінің жұмыс тәжірибесін үйренуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордаға оқу сапарымен Беларусь елінен делегация келді. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

 
Беларусь мамандарының сапарының мақсаты - Қазақстанда медициналық көмектің сапасын жақсарту мен қамтамасыз ету жүйесінің ұйымдастырылуымен танысу.

"Шетелдік делегацияны Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Пиневич басқарып келді.  Қонақтар «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК жұмысымен танысты. Атап айтқанда, оларға шұғыл және травматологиялық көмек көрсету қабылдау бөлімшесінің қалай жұмыс істейтінін, «портал» арқылы жоспарлы қабылдау бөлмесі пациенттерін емдеуге жатқызу қалай жүргізілетінін сонымен қатар, пациенттерді триаж жүйесі бойынша бөлу, білезіктерді QR-код бойынша сәйкестендіру туралы айтылды", - деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.   

Аурухананың бас дәрігері Марат Әбдуов белоруссиялық әріптестеріне ұйымдағы бар жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды көрсетті. Мәселен, мұнда сәулелік және функционалдық диагностика, эндоскопия, ОАРИТ және ГБО жабдықтары жұмысқа енгізілді.

Сонымен қатар, қонақтарға медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін қаржыландыру және кадрлық қамтамасыз ету принциптеріне көңіл аударды. Бұдан басқа, Беларусь делегациясының өкілдері отандық денсаулық сақтау жүйесіне сандық технологияларды енгізу мәселесін, атап айтқанда, пациенттердің медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша мобильді қосымшалары қызықтырды.

Делегаттар астаналық стационардың жұмыс тәжірибесін қабылдап, оны өз елдерінде енгізуге ниетті екенін жеткізді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы