Бельгияда салынып жатқан мектеп құлап, 6 адам мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам қайтыс болды. Олардың бесеуі шет елдің азаматтары. 

Бұл туралы The Brussels Times хабарлады.

Оқиғадан кейін үйінді астынан бір адамның денесі табылды, сегізі жарақаттанды. Біреуі жеңіл жарақат алды. Үйінді астында тағы бес адам қалған. Кеше олардың барлығы табылды, өкінішке қарай ешқайсысы аман қалмады, - делінген хабарламада.

Қайтыс болған құрылысшылардың басым бөлігі шетелдіктер болды. Оның ішінде Португалияның үш азаматы, бір Румыния азаматы және бір ресейлік. Оқиға орнына осы елдердің елшілері барды.

Тергеуге прокуратура органдарықосылды. 

Антверпен инженерлік департаментінің мамандары жаңа ғимараттың құлауына не себеп болғанын анықтауға тырысуда. 

Мектеп құрылысы аяқталмауы мүмкін. Өйткені қала әкімдігі құрылысы аяқталған ғимаратты бұзуға тура келетінін жоққа шығармайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы