Бельгияда карантин тәртібі жеңілдетіле бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияда коронавирустың таралуы бәсеңдегеннен кейін шектеу шаралары жеңілдетіле бастады, деп жазды «Хабар 24».
Тұрғындарға 26 сәуірден бастап Еуропа аумағында саяхаттауға рұқсат етілді. Мектептер қайта ашылады. Шаштараз бен сән салондары да өз жұмысын бастайды. Жуырда кафе мен мейрамханалардың жазғы алаңдары қызмет көрсетеді.
Ал жалпы коменданттық сағат алынып тасталуы мүмкін. Бірақ кешкілік үш адамнан артық бас қосуға болмайды. Сондай-ақ базарлар мен саябақтарға баруға рұқсат етіледі.
65 жастан асқан адамдардың көбісінде шамамен 8 мамырда иммунитет қалыптасады деген болжамымыз бар. Егер сол кезге дейін жансақтау бөлімдеріндегі ахуал жақсарса, террасалар мен саябақтарда бұқаралық шаралар өткізуге рұқсат береміз. Тек қатысушылардың саны елу адамнан аспауы керек, - деді Бельгия Премьер-министрі Александр де Кро.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында карантин талаптары қатаңдатылды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы