24 Тамыз 2022 2022, 12:44
Бектұров «Қазаэронавигация» бас директоры лауазымынан өз еркімен кетті
Азат Бектұров «Қазаэронавигация» бас директоры лауазымынан өз еркімен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азат Бектұров «Қазаэронавигация» бас директоры лауазымынан өз еркімен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылғы 23 тамызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды, - делінген министрлік таратқан хабарламада.