Бектенов цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес цифрлық теңге қолданылатын жобалар санын ұлғайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда кейбір өңірлерде цифрлық теңге бойынша пилоттық жобалар жүргізіліп жатыр. Бұл бағыт менің жеке бақылауымда. Қаржылық шығындардың ашықтығын және оны қатаң бақылауды қамтамасыз ету үшін цифрлық теңгені қолданатын жобаларды көбейтуіміз қажет, - деді ол.
Сонымен қатар Премьер-министр мемлекеттік органдар басшыларынан цифрлық теңге арқылы бюджет пен Ұлттық қордан қаржыландыратын салаларды кеңейтіп, жобаларды ұлғайту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте, мемлекеттік холдингтердің бюджетін пайдалануды ұсынған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы