Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымында Марат Ахметжанов болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы