Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымында Марат Ахметжанов болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме ұлғаяды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы