Бектенов: Салықшылар бизнесті жазаламай, керісінше қателеспеуге көмектесуі керек

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов салық органдары бизнесті қолдау мен сүйемелдеуге баса назар аудара отырып, жаңа модель аясында кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасайтынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Негізгі маңызды өзгеріс – сервистік модельге көшу. Кәсіпкерді тіркелген сәтінен бастап, қызметінің барлық кезеңінде фискалдық қолдау жүйесі енгізілуде. Салық органдарының алдында тұрған міндет – қателіктер үшін жазалау емес, керісінше қателеспеуге көмектесу, – деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы