23 Шілде 2026, 14:25 Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бектенов Маңғыстаудағы энергетикалық жобалардың жүзеге асырылуын тексерді

Маңғыстауда жаңа энергетикалық жобалар іске асып, битум өндірісі артады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірді кешенді дамытуға, оның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртып, өнеркәсіптік әлеуетті кеңейтуге бағытталған тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Атап айтқанда, Премьер-министр жол битумын өндіру көлемін арттыру, жаңа өндіру қуатын іске қосу, «МАЭК» ЖШС энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту және Ақтау қаласындағы жылумен жабдықтау тапшылығын жою жөніндегі жобаларды жүзеге асырумен танысты.

Олжас Бектенов «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытында жол битумын өндіруге мамандандырылған ірі кәсіпорынның өндірістік қуатын тексерді.  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов 2025 жылы электрмен тұзсыздандыру және атмосфералық-вакуумдық айдау (ЭТ-АВА) қондырғысын жаңғырту жұмыстарының аяқталғанын баяндады, соның нәтижесінде мұнай өңдеу және битум өндіру бойынша жобалық қуаты бір жарым есеге артты. Өткен жылы кәсіпорында 696 мың тонна мұнай өңделіп, 284 мың тонна битум өндірілсе, 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында тиісінше 277 мың тонна мұнай және 106 мың тонна битум өндірілді. Сондай-ақ кәсіпорында ауа сапасын тәулік бойы бақылау, тазартылған суды қайта пайдалану және энергия тиімділігін арттыратын шешімдер енгізуді қамтитын экологиялық жаңғырту кешені жүзеге асырылуда. 

Премьер-министр өндірілетін битумның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды. 

«Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС алаңында Премьер-министрге қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысы құрылысының барысы туралы баяндалды. «АЭК» ЖШС бас директоры Гэ Личунь жобаның Маңғыстау облысы мен еліміздің батыс өңірін энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және өнергия өндіру қуатын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Инвестиция көлемі $210 млн-ды құрайды, 300-ге жуық жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары шамамен 30%-ы орындалды, 2027 жылдың маусымында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» (МАЭК) ЖШС базасында жалпы электр қуаты 500 МВт-қа дейін және жылу қуаты сағатына 560 Гкал болатын жаңа бу-газ қондырғыларын салу жоспары туралы баяндады. «МАЭК» ЖШС Маңғыстау облысының өңірді электрмен, жылумен және сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін энергетикалық инфрақұрылымының негізгі нысаны болып саналатыны атап өтілді. Жаңа кешен ескірген энергия блоктарын ауыстырып, электр және жылу энергиясының аралас өндірісін қамтамасыз етуі керек. Жоба сондай-ақ өңірдің сумен жабдықтау жүйесін одан әрі дамыту үшін тұщыландыру қуаттарын интеграциялауды көздейді.

Премьер-министрге Ақтау қаласын жылумен қамтамасыз етуге арналған орталық қазандық салу жобасы ұсынылды. Қазіргі уақытта қаланы жылумен қамтудағы негізгі жүктеме «МАЭК» ЖШС-нің жылу көздеріне түсіп отыр. Қолданыстағы белгіленген қуат сағатына 500 Гкал болғанымен, қазіргі таңда Ақтау қаласының жылуға деген қажеттілігі сағатына 745 Гкал-ды құрайды. Сағатына 363 Гкал қуатқа ие орталық қазандықтың құрылысы тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымның 2 млн шаршы метрден астам аумағын жылумен қамтамасыз етуге, жаңа және қолданыстағы шағынаудандардың бір бөлігін орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосуға, сондай-ақ қаланың жылумен жабдықтау жүйесін өзара тәуелсіз екі тізбекке бөлуге мүмкіндік береді.  

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министр жобаларды уақтылы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың басты міндетін атап өтті. Сапалы және үздіксіз жылумен жабдықтау мәселелері әкімдік пен тиісті мемлекеттік органдар жұмысының басым бағыттарының қатарына кіреді. Сондықтан энергетика, көлік, өнеркәсіптік инфрақұрылымның барлық жобаларын ерекше бақылауда ұстауды және уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырамын, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС алаңында Премьер-министрге қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысы құрылысының барысы туралы баяндалды. «АЭК» ЖШС бас директоры Гэ Личунь жобаның Маңғыстау облысы мен еліміздің батыс өңірін энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және өнергия өндіру қуатын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Инвестиция көлемі $210 млн-ды құрайды, 300-ге жуық жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары шамамен 30% орындалды, 2027 жылдың маусымында пайдалануға беру жоспарлануда.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» (МАЭК) ЖШС базасында жалпы электр қуаты 500 МВт-қа дейін және жылу қуаты сағатына 560 Гкал болатын жаңа бу-газ қондырғыларын салу жоспары туралы баяндады. «МАЭК» ЖШС Маңғыстау облысының өңірді электрмен, жылумен және сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін энергетикалық инфрақұрылымының негізгі нысаны болып саналатыны атап өтілді. Жаңа кешен ескірген энергия блоктарын ауыстырып, электр және жылу энергиясының аралас өндірісін қамтамасыз етуі керек. Жоба сондай-ақ өңірдің сумен жабдықтау жүйесін одан әрі дамыту үшін тұщыландыру қуаттарын интеграциялауды көздейді.

Премьер-министрге Ақтау қаласын жылумен қамтамасыз етуге арналған орталық қазандық салу жобасы ұсынылды. Қазіргі уақытта қаланы жылумен қамтудағы негізгі жүктеме «МАЭК» ЖШС-нің жылу көздеріне түсіп отыр. Қолданыстағы белгіленген қуат сағатына 500 Гкал болғанымен, қазіргі таңда Ақтау қаласының жылуға деген қажеттілігі сағатына 745 Гкал-ды құрайды. Сағатына 363 Гкал қуатқа ие орталық қазандықтың құрылысы тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымның 2 млн шаршы метрден астам аумағын жылумен қамтамасыз етуге, жаңа және қолданыстағы шағынаудандардың бір бөлігін орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосуға, сондай-ақ қаланың жылумен жабдықтау жүйесін өзара тәуелсіз екі тізбекке бөлуге мүмкіндік береді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министр жобаларды уақтылы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың басты міндетін атап өтті. Сапалы және үздіксіз жылумен жабдықтау мәселелері әкімдік пен тиісті мемлекеттік органдар жұмысының басым бағыттарының қатарына кіреді. Сондықтан энергетика, көлік, өнеркәсіптік инфрақұрылымның барлық жобаларын ерекше бақылауда ұстауды және уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырамын, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

«АЭК» ЖШС бас директоры Гэ Личунь Маңғыстау облысында жаңа бу-газ қондырғысын салу бойынша жобаның жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Нысанды іске қосу өңірдің энергия жүйесінің сенімділігін арттыруға, тұрғындарды таза электр энергиясымен қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев МАЭК энергетикалық кешенін жаңғырту жоспарын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау аясында, Қытай және Қазақстан үкіметтерінің қолдауымен China Huadian компаниясы Ақтау қаласында тиімділігі жоғары әрі экологиялық таза заманауи газтурбиналық электр стансасын салып жатыр. Жобаның белгіленген қуаты 160 МВт, жалпы инвестиция көлемі — шамамен $210 млн. Пайдалануға беру мерзімі 2027 жылдың маусымына жоспарланған. Жоба іске қосылғаннан кейін өңірді таза әрі тиімді электр энергиясымен қамтамасыз етіп, энергетикалық жүйенің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Сондай-ақ құрылыс кезеңінде кемінде 240 жұмыс орны ашылады, – деді Гэ Личунь.

Қазақстанда битум өндірісінің көлемі артты

Президенттің «Caspi Bitum» БК» ЖШС-да шикізатты терең өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектеновке баяндалды.

«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов зауытты жаңғырту аясында кәсіпорынның қуаттылығы жылына 500 мыңнан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтылғанын баяндады.

Кәсіпорын ҚР СТ 1373 стандарты бойынша мұнай жол битумын ғана емес, сонымен қатар жоғары беріктігімен ерекшеленетін модификацияланған битумды, сондай-ақ жыл бойы жөнелтуге мүмкіндік беретін 200 мың тоннаға дейін қапталған битумды шығарады.

Бұл зауыттың бірегейлігі – өзге мұнай өңдеу зауыттарынан айырмашылығы, ол тек Қаражанбас кен орнының мұнайынан битум өндіруге маманданған. Аталған кен орнындағы мұнай құрамындағы битумдық фракциялардың үлесі 50%-ға дейін жетеді. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы құрамында екі битум зауыты жұмыс істейді: бірі – жылына 750 мың тонна, екіншісі – Павлодардағы жылдық қуаты 500 мың тонна зауыт. Осылайша, “ҚазМұнайГаз” жылына 1,2 млн тонна битумға деген ішкі сұранысты қамтамасыз етіп отыр. Бұл Мемлекет басшысының берген тапсырмасына толық сәйкес келеді, – деп баяндады Асхат Хасенов.