Бүгiн 2026, 10:41 Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бектенов "Бәйтерек" холдингі өкіліне ескерту жасады

Премьер-министр слайдтағы мәліметтердің біріне тоқталып, нақтылау сұрағын қойды.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов сын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов 2025 жылы холдингтің тұрғын үй құрылысына қосқан үлесі мен бөлінген қаржы көлемі туралы мәлімет берді. 

Премьер-министр слайдтағы мәліметтердің біріне тоқталып, нақтылау сұрағын қойды.

Төртінші слайдқа қойыңызшы. Қазреестрге 17 өңір қосылды. Қалған үшеуі қайда? Кім қосылған жоқ? – деп сұрады Үкімет басшысы.

Айдапкелов бұл сұраққа бірден нақты жауап бере алмады.

Қосымша берсек бола ма? Алмап едім, – деді ол.

Осыдан кейін Премьер-министр баяндаманы мұқият дайындау керегін атап өтті.

Дұрыстап дайындалу қажет, – деп ескертті Бектенов.